01 Наурыз, 2014

Жанармайды жасырын өткізбек болды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан мен Ресей шекарасында экономикалық контра­банданың екі оқиғасы тіркелді, оның бірі – 40 тонна дизельді жанармай болса, екіншісі – 10 тонна болатын көпжылдық өсімдік тұқымын заңсыз алып өтуге қатысты. Нақтырақ айтсақ, ақпан айының 26-нан 27-не қараған түні Павлодар шекара отрядына қарасты «Өрлітөбе» өткізу-бақылау пунктінің бақы­лау­шылары тіркемесі бар «Вольво» және «Мерседес» автокөліктерімен келе жатқан екі отандасымызды ұстады. Олардан жалпы салмағы 40 тонна тартатын, отын ретінде қолданылатын жанармайға деген рұқсат қағаздары болмай шықты. Осы күні, Орал шекара отрядына қарасты «Ақсай авто» өткізу-бақылау пунктінің ба­қылаушылары «КамАЗ» ав­токөлігімен Ресейге кетіп бара жатқан жерлесімізді ұстады. Автокөлікті қарау кезінде құ­жаты дұрыс рәсімделмеген 76 қапқа салынған, жалпы салмағы 10 тонна болатын көпжылдық өсімдік тұқымы табылды. Атал­ған дерек бойынша құқық қор­ғау органдары хабарландырыл­ды. Ұсталған жүкті Батыс Қазақ­стан облыстық са­нитарлық инс­пекциясына беру жоспарлану­да, деп хабарлады ҰҚК ШҚ бас­пасөз қызметі.