Коронавирус • 29 Қараша, 2021

Ұраны бар да, құрамы жоқ

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін Португалияның «Белененсеш» футбол клубының 17 футболшысы коронавирус індетін жұқтырғаны туралы мәлімет тараған еді. Енді сол 17 футболшының 13-інің бойынан омикрон штамы табылғаны нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұраны бар да, құрамы жоқ

«Барлық ойында жеңіске жетуіміз керек» деп ұрандататын «Белененсештің» қазір жасыл алаңға шығатын толық құрамы жоқ. Оған сенбі күні «Бенфикаға» қарсы өткізген кездесуде көзіміз анық жетті. Жеті футболшымен жасыл алаңға беттеген «Белененсеш» жігіттері бірінші кезеңде қақпасына жеті гол өткізіп алды. Алайда сол жеті футболшының бірі жарақат алып алаңнан кеткен соң, төреші ойынды тоқтатуға мәжбүр болып, «Белененсешке» техникалық жеңіліс жазды.

Енді міне, Рикарду Жорж атындағы ұлттық денсаулық институты сол 17 футболшының 13-інен омикрон штамын анықтағаны мәлім болды.