Өнер • 30 Қараша, 2021

Поляк әндері орындалды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел астанасында филар­мо­нияның сим­фо­ния­лық оркестрі Поль­ша ел­­­ші­лігімен бірлес­кен «Поль­­ша­лық ком­пози­тор­­­лардың саунд­трек­те­рі» атты музы­калық кеш өткізді.

Поляк әндері орындалды

Оркестрдің көркемдік жетек­шісі – халықаралық байқау­лардың лауреаты Берік Батырхан. Бас дирижер – халықаралық бай­қау­лардың лауреаты Ернар Нұртазин.

Польша Рес­публикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хаз­бие­вич пен қорғаныс атташесі подполковник Алек­сандр Сухе­нек концертке арнайы келіп, ұйым­дастырушылар мен әртістерге алғысын біл­дірді.

Ән кешінде көрерменге та­ныс әйгілі фильмдердегі поляк композиторларының шығар­­ма-

ла­ры орындалды. Олар­дың қата­рында әлемге танымал «Ха­тико», «Ведьмак», «Пианист» секілді үз­дік туындылар бар.

Сондай-ақ филармонияның «Қорқыт» этно ансамблі өз­геше стильде өнер көрсетті. Көр­кемдік жетекшісі, Мәдениет қай­раткері – Шолпан Қорғанбек. Польшаның музыка кешіне Павлодар облыстық «По­ло­ния» поляктар қоғамының  «Нартсыз» жастар вокалды-хорео­графиялық ансамблі, «Сы­рены» әйелдер вокалдық ан­сам­блі, Республикалық поляк ән­дері фестивалінің бірнеше дүр­­кін же­ңімпазы, сонымен қатар Қазақ­­станда ғана емес, шетел­дерде өткен фестивальдар мен бай­қау­лардың лауреаттары мен жүлдегерлері қатысты.