Кәсіпқой бокс • 30 Қараша, 2021

Сарапшы: Головкин Муратаны 6-8 раунд аралығында жеңеді

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі бокс сарапшысы Дэн Рафаэль 29 желтоқсан күні Жапония астанасы Токио қаласында өтетін Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жекке қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшы: Головкин Муратаны 6-8 раунд аралығында жеңеді

«Бұл жекпе-жек жапон фанаттарының үлкен қызығушылығын тудыратыны даусыз. Аренада керемет атмосфера орнайтындығына сенімдімін. Екі чемпион арасындағы шайқас қай кезде де қызық болатыны анық. Головкиннің жанкүйерлерінің бірі ретінде кездесуді мен де асыға күтіп жүрмін.

Шынын айтсам, Риота Муратаның жеңіске жететін мүмкіндігі бар дегенге иланбаймын. Муратаның Головкинді жеңетіндей қауқары жоқ. Сондықтан мен Геннадий Головкин 6-8 раундтар аралығында жеңіске жететініне сенемін», дейді америкалық сарапшы.