Жекпе-жек • 30 Қараша, 2021

Дастин Порье: Макгрегор – өткен шақ

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек шебері Дастин Порье мен Конор Макгрегор сегіз бұрышта төртінші рет кездесуі мүмкін бе? UFC-де жасындай жарқырап жүрген Порье бұл сұраққа нақты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дастин Порье: Макгрегор – өткен шақ

«Мен үшін біздің шайқастарымыз өткен шақ қана. Онымен октагонда кездесу енді маған мүлде қызық емес. Мен ол туралы мүлде ойламаймын. Ал Конор аузына келгенді айта береді. Әрмен қарай да сөйлей берсін. Мен қазір әлем чемпионы атағы үшін өтетін кездесу жайлы ғана ойлаймын. Басқа ештеңеге бас ауыртпаймын», дейді америкалық спортшы.

Естеріңізге сала кетейік жеңіл салмақта топқа түсіп жүрген АҚШ спортшысы Дастин Порье мен ирландиялық Конор Макгрегор бұған дейін үш рет кездескен. Алғашқысында Конор жеңіске жетсе, қалған екеуінде Дастин Порье басым түскен болатын.