Әлем • 30 Қараша, 2021

Қырғызстанда барлық туристер үшін міндетті ПТР-тест енгізілді

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанда елге кіру кезінде міндетті ПТР-тестілеу енгізілді. Ережелер 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда барлық туристер үшін міндетті ПТР-тест енгізілді

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі 1 желтоқсаннан бастап елге кірген кезде вакцинация мәртебесіне қарамастан коронавирусқа теріс ПТР-тест болуы керек деп хабарлайды. Ереже шетелдіктерге де, қырғызстандықтарға да қатысты.

Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тізімдерді ҰҚК Шекара қызметіне беру үшін «омикронмен» жұқтыру ошақтары анықталатын елдердегі эпидемиологиялық ахуалды қадағалайтын болады.

«Мұндай елдердің азаматтарына Қырғыз Республикасының аумағына кіруге тыйым салынады», деп жазады Қырғыз Республикасының Үкіметі.

Бұл жаңа штаммның Қырғызстанға әкелінуіне және одан әрі таралуына жол бермеу үшін жасалатыны айтылды.

Министрліктерге «омикронға» байланысты эпидемиологиялық ахуал шиеленіскен жағдайда толық әзірлікте болу тапсырылды.