Әлем • 30 Қараша, 2021

Әскери тікұшақ апатқа ұшырады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Тікұшақтың құлағанын Әзербайжанның Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратурасы растады.

30 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 10:40 шамасында Мемлекеттік шекара қызметінің тікұшағы «Бибиэйбат» авицаиялық полигонында оқу-жаттығуы кезінде апатқа ұшыраған. Тікұшақ экипажы мүшелерінің арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар.

Оқиға орнында Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратураның басшылық құрамы жүр. Осы жағдайға байланысты бірлескен тергеу жүріп жатыр.