Аймақтар • 30 Қараша, 2021

Шымкентте пәтер алу мүмкіндігі артады

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Шымкентте 33 несиелік және 6 жалдамалы көппәтерлі үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте пәтер алу мүмкіндігі артады

Тұран шағын ауданының құрылысы келесі жылы аяқталады. Қаланың бас құрылысшысы Әбілсейіт Рабаев шағын ауданда 88 көппәтерлі үй, 1200 орындық мектеп және саябақ салуды жоспарлап отыр. Осылайша, 5 мың шымкенттіктің Тұран шағын ауданында пәтер алу мүмкіндігі бар.

«Сонымен қатар, біз қаланың әртүрлі бөліктерінде осындай бірнеше шағын аудандарды ашуды жоспарлап отырмыз. Осы шағын аудандарды көпқабатты тұрғын үй аймағына бөлу үшін қаланың көлік инфрақұрылымын жеңілдету қажеттігін ескердік», дейді Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев.

Әбілсейіт Рабаевтың айтуынша, болашақта шағын ауданда инфрақұрылым мәселелері туындамайды. Яғни, көпқабатты үйлердің сапасы жоғары болады. Мердігерлер құрылыс үшін отандық өнімнің 85% пайдаланады.

«Қазіргі уақытта біз ішкі безендірумен және жалпы ішкі жұмыстармен айналысудамыз. Сапасы өте жақсы. Жыл соңына дейін қала тұрғындарына 5 үйді тапсыру жоспарланған», дейді «АРТстрой» ЖШС өкілі Данияр Аят.

Биыл құрылысқа бюджеттен 28 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артық. Жыл басынан бері 79 үйдің құрылысы басталды, оның 39-ы пайдалануға берілді.