Кәсіпқой бокс • 30 Қараша, 2021

Жеңілгеніне жынданып аккаунтын өшіріп тастады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзінен сөзі жүйрік Теофимо Лопестің аузы жабылды. Василий Ломаченконы жеңгеннен кейін кеудесін керіп сөйлеген ол 28 қараша күні австралиялық Джордж Камбососқа есе жіберген болатын. Жеңілісін көтере алмаған Тео ақыры ашуланып барып, твиттердегі аккаунтын өшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңілгеніне жынданып аккаунтын өшіріп тастады

Ол твиттердегі парақшасын өшірерден бұрын өзінің жанкүйерлеріне арнап жазба қалдырған болатын. Алғысын білдіргеннен кейін көп уақыт өтпей боксшы аккаунтын жойған. Шамасы Теофимо Лопес фанаттар тарапынан жазылған сыни пікірлерге шыдай алмаса керек. Кәсіпқой бокс жанкүйерлері оны түрлі әлеуметтік желілерде әбден мазаққа айналдырды. Енді ше, Василий Ломаченконы әбден мазақтаған саңлағыңыз сайып келгенде өзі де келісімшартқа қарымта кездесу туралы пункт қоспай, қатты қателесті ғой...