Коронавирус • 30 Қараша, 2021

Қазақстанда коронавирустан екі сәби қайтыс болды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда биыл COVID-19 инфекциясынан қанша бала қайтыс болғаны айтылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирустан екі сәби қайтыс болды

Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті мәліметінше, 2021 жылғы 10 ай ішінде COVID-19 инфекциясынан Қазақстанда 11 бала қайтыс болған.

«Жедел деректер бойынша 2021 жылдың 10 айында COVID-19 инфекциясынан 1 айлық екі бала (Павлодар облысы, Алматы қаласы), 6 мектеп жасына дейінгі бала (Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары), 3 мектеп оқушысы (Қарағанды, Қызылорда облыстыры және Нұр-Сұлтан) қайтыс болды», дейді  департамент өкілдері.

Ведомство мәліметінше, балалар арасында COVID-19 жұқтырудың алдын алу шаралары ересектердегідей: санитарлық нормаларды сақтау, медициналық бетперде тағу, адам көп жиналатын орындардан аулақ болу, вакцина алу.

«Балаларда COVID-19 жұқтырғанда клиникалық белгілер: дене қызуының жоғарылауы, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы түріндегі интоксикация синдромы дамиды, асқазан-ішек жолдары зақымдануы мүмкін, тыныс алу жеткіліксіздігі белгілері бар пневмония жағдайлары», деді.