Ақпарат бойынша, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің алды жанған. Өрт сөндіруге 15 өртсөндіруші мен алты арнайы техника жұмылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Мереке күніне қарамастан, ТЖД-ның барлық жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызметке оралды. Гарнизонның жеке құрамы толық жауынгерлік әзірлікте, сондай-ақ, төтенше жағдайды жоюға дайын», деп мәлімдеді ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.