Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Макабуды «Канеломен» жекпе-жек өткізуге міндеттеді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBC президенті Маурисио Сулеймен бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, конголық Илунго Макабу мен Табисио Мчуну арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль Альвареспен қолғап түйістіретінін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Макабуды «Канеломен» жекпе-жек өткізуге міндеттеді

«Макабу-Мчуну шайқасында жеңіске жеткен боксшы «Канеломен» жұдырықтасады. Біздің ұйым қай кезде де «Канелоны» қолдайды. Өйткені ол біздің орны бөлек чемпионымыз. Ол мықты боксшылардың барлығымен кездесуі тиіс. Ал біз оған кедергі келтірмейміз», деді Бүкіләлемдік бокс кеңесінің басшысы.