Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Лу Дибелла: Камбосос Ломаченкомен кездесуі ықтимал

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, австралиялық Джордж Камбосостың промоутері Лу Дибелла жеңіл салмақтың жампозын украиналық оғлан, екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы, кәсіпқой бокста үш салмақта топ жарған Василий Ломаченкомен кездестіргісі келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лу Дибелла: Камбосос Ломаченкомен кездесуі ықтимал

«Негізі басты мақсатымыз – Джордж Камбососты Джервонта Дэвиспен кездестіру. Әйткенмен бірінші кезекте біз алдағы уақытта қандай қадамдарға баратынымызды анықтап алуымыз керек. Бір анығы, Дэвиспен Джордж рингте кездессе үлкен шайқас болатыны даусыз. Сондай-ақ Василий Ломаченкомен жекпе-жек өткізу де назарымыздан тыс қалмақ емес. Әрине, ол алдымен Ричард Коммиді ұтуы тиіс. Сонда Василий Ломаченко біздің бір нұсқамыз болады. Васямен шайқас үлкен жекпе-жек екені рас. Өйткені ол - бокс әлемінің жұлдызы. Одан бөлек Райан Гарсия рингке оралса, онымен де жекпе-жек ұйымдастыруға болады», дейді промоутер.