Футбол • 02 Желтоқсан, 2021

30 соққы – 1 гол

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеті дүркін «Алтын доп» сыйлығының иегері Лионель Месси Францияның лига біріне барғалы бері ойдағыдай нәтиже көрсете алар емес. Испанияның «Барселонасы» сапында жасындай жарқыраған футболшы «ПСЖ» сапына ауысқалы топырлатып гол соғуды тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.

30 соққы – 1 гол

Франция чемпионатына ауысқалы бері Месси «ПСЖ» сапында сегіз мәрте жасыл алаңға шықты. Алайда ол сегіз кездесуде бар болғаны бір голдың авторы атанды. Жалпы сол сегіз ойында Месси қарсылас командалардың қақпасына 30 мәрте соққы жұмсаған. Алайда тепкен добының көбі қисық кеткен. Бір сөзбен айтқанда бұл Месси бұрынғы Мессиге ұқсамай тұр.