Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2021

Басшысының 1 млн теңгесін ұрлаған күзетші ұсталды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында басшының кабинетіне кіріп, 1 миллион теңгені қолды қылған күзетші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басшысының 1 млн теңгесін ұрлаған күзетші ұсталды

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Тайынша ауданында дүкен иесінің кабинетінен миллион теңгеден астам қаражат жоғалып кеткен. Полицейлер күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы анықтады. Ол дүкенде күзетші болып жұмыс істейтін 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Күзетші Петропавл қаласындағы қонақүйлердің бірінен табылды. Ер адам ақшаның бір бөлігін ішімдікке жұмсап үлгерген.