Отырысқа Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, агенттікке қарасты ведомстволардың басшылары мен спорт мамандары қатысты. Жиында агенттік төрағасы Тастанбек Есентаев баяндама жасады. Ол алдымен спортшылардың өткен жылғы жетістіктері жайлы айтып, алдағы кездегі атқарылатын істерге тоқталды.
– Өткен жылы қазақстандық спортшылар 732 медаль жеңіп алды. Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 279 медальді иеленсе, соның ішінде 112 алтын, 80 күміс, 87 қола медальға ие болды. Спортшыларымыз әлем чемпионаттарынан 92, Азия чемпионаттарынан 43, халықаралық турнирлерден 114 медаль алып қайтты. Ал мүмкіндігі шектеулі спортшыларымыз 28 медальді жеңіп алды. Оның ішінде 9 алтын, 13 күміс және 4 қола медаль бар, – деді Т.Есентаев.
Осыдан кейін ол елімізде бұқаралық спортты дамытуда, соның ішінде жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауда атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, қазір студенттердің 45 пайызы спортпен айналысатынын атап өтті. Осы ретте ол бүгінде агенттік 2017 жылы Алматыда Қысқы Универсиаданың өтетінін ескере отырып, студенттік спортты дамытуға көп көңіл бөліп жатқанын, оған дәлел ретінде былтырғы жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ЖОО-ларында оқитын студенттердің спорттық үйірмелерге қатысуы 45 пайызды қамтитынын немесе 168,5 мың адамға жеткенін айтты.
Оның айтуынша, қазір 139 республикалық ЖОО-ның 64-інде спорттық клубтар, ал 75 білім ошағында спорттық секциялар жұмыс істеп тұр. Дегенмен, Т.Есентаев проблемалардың да бар екенін, бұқаралық спортты дамытуда қажетті инфрақұрылымының жоқтығын жасырмады. «Бұқаралық спортты дамытудағы басты проблемамыз – бұл кәдімгі, қарапайым халық айналысатын спорт инфрақұрылымының жоқтығы. Қазір ауылдық жерлерде 4483 спорт залдары бар. Бірақ соның 3650-і жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және олар тек сабақтарды өткізу үшін ғана пайдаланылады. Соның салдарынан спорт залдарының тек 20 пайызы ғана халыққа қолжетімді болып отыр. Сонымен бірге, спортпен, денешынықтырумен айналысқысы келетін адамға мекемелер мен оқу орындарында спорттық құрал-жабдықтар жетіспейді», – деді ол.
Осылай дей келіп, агенттік төрағасы жергілікті әкімдердің спорт алаңдары мен залдарының құрылысына салғырт қарап отырғанын айтып, сынады. «Қазір облыстық, аудандық, қалалық спорт басқармаларының бәрі жергілікті әкімдерге қарайды. Спорт кешендерін салу, қайта жаңарту – солардың ісі. Өкінішке қарай, бұл істе кемшіліктер аз емес. Сондықтан бізге үкіметтік деңгейде спорт инфрақұрылымын дамыту үшін облыстық маңызы бар әрбір қала мен аудандарда денешынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысы бойынша шараларды қабылдау қажет», – деді ол. Төрағаның айтуынша, бүгінде Үкіметтің қолдауы арқасында 2014 жылы мемлекеттік бюджетте 14 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына қаржы қарастырылған. Дегенмен, жергілікті жерде іске жауапты қарау керек. Қазір елімізде денешынықтыру мен спортпен айналысуға арналған спорт алаңдарына деген тапшылық 50 пайыздан асады. Осы жағдайды ескере отырып, спорт кешендерін одан әрі қарай қаржыландыруды қарастыру қажет, деді ол.
Отырыста Сочи Олимпиадасы туралы айтылмай қалған жоқ. Осы мәселе туралы агенттік төрағасы мынадай қорытынды жасағанын айтты. Ол алдымен Олимпиадада алға қойған мақсаттың орындалмағанын айтып, спортшылардың бір ғана қола медальді иеленуіне жаттықтырушылар құрамы кінәлі екенін мәлімдеді.
– Өкінішке қарай, Сочи Олимпиадасында біздің құрама Ванкувер ойындарына қарағанда, лайықты өнер көрсете алмады. Оны біз мойындаймыз. Біз кемінде екі медаль аламыз деп едік. Бірақ олай болмады. Шаңғы жарысы, биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру сияқты спорт түрлерінде көрсеткіштеріміз көңіл көншітпеді. Әсіресе, шаңғы жарысына қатысқан спортшыларымыз үмітімізді ақтамады, – деді ол.
Сонымен бірге, ол Қазақстан құрамасының лайықты нәтиже көрсетпеуі тек спортшыларға ғана байланысты еместігін, ең бастысы, ол жаттықтырушылардың тікелей кінәсі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаттықтырушылар құрама спортшыларымызбен дұрыс жұмыс жасамады. Соның кесірінен, спортшылар мен бапкерлер арасында жарысқа дайындық тиісті деңгейде жүргізілмеді. Енді осыған байланысты агенттік 14 наурыз күні Қазақстан Олимпиада комитеті өкілдерінің қатысуымен жиын өткізуді жоспарлап отыр. «Осы кездесуде барлық кемшіліктер айтылып, спортшылардың нәтижесіз өнер көрсету себептері кеңінен талқыланады», деді төраға. Десек те, Т.Есентаев қысқы спорт түрлерінде елімізде алға жылжушылық бар екенін, Ванкувер Олимпиадасына 38 спортшымыз жарыстың 8 түрінен ғана лицензия алса, биылғы Сочи Олимпиадасында Қазақстанның 52 спортшысы 60 жолдаманы жеңіп алғанын айтты.
Осыдан кейін агенттіктің алқа мәжілісін Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қорытындылап, спортты дамытуда бірқатар тапсырмалар берді. Онда вице-премьер алдымен ведомствоға ұзақ мерзімді кезеңге арналған спортты дамыту мәселелерін қарастыруды тапсырды. «Агенттік барлық мүдделі органдармен бірлесе отырып, ұзақ мерзімді кезеңге арналған денешынықтыру және спортты дамыту мәселелерін қарастыруы тиіс. Агенттік тарапынан ұзақ мерзімге арналған нақты ұсыныстар беру керек», деді Г.Әбдіқалықова. Содан кейін Гүлшара Наушақызы қазіргі кезде мектеп оқушыларының 80 пайызының спортпен жүйелі айналысуларына мүмкіншіліктері жоқ екенін, осыған байланысты агенттікке тиісті жұмыстарды тапсыратынын айтты.
– Біз алдағы кезде елімізде 10 аймақаралық спортқа арналған колледж ашуды жоспарлап отырмыз. Осы уақытқа дейін студенттер спортына тиісті деңгейде көңіл бөлінбей келді. Шет мемлекеттерде университет спорты есебінен кәсіпқой клубтар мен ұлттық командалар құрылады. Университет спортына тиісті деңгейде көңіл бөлмеу еліміздің халықаралық командаларының спорттық резервін дайындауға кері әсер етеді. Сондықтан аталған колледждерден басқа Спорт және денешынықтыру істері агенттігіне Білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, мектеп спортын дамыту, студенттердің спорттық клубтар желісін кеңейтуді тапсырамын, – деді вице-премьер. Сондай-ақ, ол агенттікке жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өңірлерді қажетті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауды тапсырды.
Алқа мәжілісінің соңында Үкімет басшысының орынбасары Г.Әбдіқалықова 2013 жылдың қорытындысында «Жыл серпіні» аталымы бойынша «Жыл спортшысы» республикалық конкурсының жеңімпазы атанған Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді марапаттап, дипломды табыс етті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше