04 Наурыз, 2014

Мемлекеттік қызметке бару мүмкіндігі молайды

246 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Наурыздың 1-інен бастап мемлекеттік қызметке үміткерлерді тестілеуге жіберу шарттары айтарлықтай жеңілдетілді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. picture-513058e150f2fБарлық талапкерлер енді тестілеуге үйден шықпай-ақ жазыла алады. Мемлекеттік қызметке өткісі келетіндер интернет арқылы «электрондық үкіметтің» (egov.kz) веб-порталына кіріп, «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде «Тестілеуге жазылу» қызметін таңдайды. Егер интернет болмаса, жақын жердегі халыққа қызмет көрсету орталығы немесе Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық департаментіне барып, тіркелуіне болады. Оған талапкердің өзімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті. Тіркеу барысында әр үміткер тестілеудің орнын, күнін және уақытын өзі таңдайды. Жаңа заңнамаға сәйкес, азаматтар бос лауазымға орналасу конкурсы туралы хабарламаны күтпестен, өзіне ыңғайлы уақытта тестілеуден өтуге мүмкіндігі бар. Осының нәтижесінде тестілеуге қатысушылар саны соңғы жылдары екі еседен астам артты. Егер 2011 жылы тестілеуге бір айда орта есеппен 1950 адам қатысса, олардың бір айдағы саны 2012 жылы – 2300, 2013 жылы 4700 адамға жетті. Аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдар үшін бөлек жеңілдетілген бағдарлама енгізілді. Яғни, осы бағдарламаға сәйкес, кандидаттар бұрынғы сегіз заңның орнына енді алты заңнан тестілеуден өтеді. Оған қоса, әр заң бойынша жауап беруге берілетін уақыт көбейтілді. Жоғары тұрған бағдарлама бойынша тестілеудің оң нәтижелері төмен тұрған бағдарламалар үшін де жарайды. Бірінші бағдарлама бойынша берілген сертификат екінші және үшінші бағдарламалар бойынша сертификат талап етілетін конкурстарға жарамды. Ал екінші бағдарлама бойынша берілген сертификат үшінші бағдарламаны да қамтиды. Тестілеуге қатысушылар жауап­кершілігі бір мезгілде күшей­ті­леді. Егер талапкер тесті­леу­ден өтпей қалса, қандай тест бағ­дар­лама­сын тапсырғанына қара­мас­тан, келесі тестілеуге үш айдан кем емес мерзімнен кейін ғана жібе­ріледі. Персоналды басқару қыз­мет­тері арқылы тестілеу нәтиже­лерінің растығын тексеру мүм­кіндігі де кеңейтілді. Агенттіктің ресми сайты (www.kyzmet.gov.kz) арқылы конкурстық іріктеуге жа­уапты мемлекеттік органдар бөлім­шелері нақты үміткердің тес­ті­леуден өткендігін және қандай нәтиже алғанын анықтай алады. Тестілеу процедураларына рұқ­сатсыз қол сұғуға қарсы ақпараттық қауіпсіздіктің жүйелі шаралары қабылданды. Соның нәтижесінде 2011 жылы тестілеуден сүрінбей өткен үміткерлер үлесі 71% болса, 2012 жылы – 69%, 2013 жылы 47% болды. Биылғы жылдың 1 наурызына дейін талапкерлерге берілген сертификаттар оларда көрсетілген мерзім ішінде жарамды екендігін атап өткен жөн. 1 наурызға дейін тестілеуден өте алмаған азаматтар үш айлық мерзімді күтпестен келесі тес­ті­леуге қатыса алады. Руслан ИГІЛІК.