Елорда • 03 Желтоқсан, 2021

2022 жылы Нұр-Сұлтанда ЖЭО-3 іске қосылады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ОКҚ-да қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті. Елордада халық саны жыл сайын еселеніп жатқандықтан, жылу жетпей қалу қаупі бар. Сондықтан қала әкімі келер жылы жылу электр станциясының жаңа нысанын іске қосу керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022 жылы Нұр-Сұлтанда ЖЭО-3 іске қосылады

ЖЭО-3 іске қосылса, 6 млн-ға жуық шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік пайда болмақ.

«Оның құжаттамасын біз түзетулерден өткіздік. Себебі бұрынғы жоспарда газдандыру көзделмеген. Сондықтан да біз қазір газбен де, көмірмен де жұмыс істейтін жобаны құрастырдық. Бұл жұмыс мемлекеттік сараптамадан өтті. Тиісті қаражат бөлінді. Келесі жылдың соңына дейін біз ЖЭО-3-ті қосуымыз қажет», деді Алтай Көлгінов.