Коронавирус • 03 Желтоқсан, 2021

Шымкенттің бас дәрігері ревакцина жасатты

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте коронавирусқа қарсы ревакциналау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттің бас дәрігері ревакцина жасатты

9 ай бұрын инфекцияға қарсы вакцина алған азаматтар қазір медициналық ұйымдарда қайта екпе салдыруда.

Бүгін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов коронавирус инфекциясына қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін салдырды. Басқарма басшысы тіркелген емханасына барып, отандық QazVac екпесін алды. Б.Позилов ревакциналау сәтін «Instagram» желісіндегі парақшасында тікелей эфирде көрсетіп, тұрғындар сауалына жауап берді.Ң

Медицина мамандарының айтуынша, бұған дейін екі компонентті салдырған адамның ағзасында ковидке қарсы антиденелер қалыптасады. Екпеден кейін қалыптасқан иммунитет арада бірнеше уақыттардан кейін төмендей бастайды. Ал ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта қалпына келтіріп, инфекциядан қорғану жүйесін арттырады. Сол себепті үшінші кезең бойынша екпе алатындарға бір ғана дозадан вакцина салынады.

Бүгінге дейін Шымкент қаласында ковидке қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігі 415 адамға салынды.