Кәсіпқой бокс • 04 Желтоқсан, 2021

Головкиннен жеңілген боксшының әлем чемпионы болғысы келеді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген украиналық былғары қолғап шебері Сергей Деревянченко бесінші желтоқсан күні доминикандық Карлос Адамеске қарсы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкиннен жеңілген боксшының әлем чемпионы болғысы келеді

Егер Сергей Деревянченко осы жекпе-жекте жеңіске жетсе, мексикалық Хайме Мунгияға қарсы шаршы алаңға көтеріледі. Ал Мунгиядан айласын асырса WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джермалл Чарлоның міндетті қарсыласы атанады.

«Менің бойымда жеңіске деген құштарлық жеткілікті. Карлос Адамеспен өтетін шайқас әрі қарай менің кәсіби мансабымды анықтайды. Геннадий Головкин, Джермалл Чарло, Дэниел Джейкобс секілді мықтылармен қолғап түйістірген соң өзімнің әлі де мықты боксшы екенімді сезіндім. Сондықтан алдағы кездесуге толық дайынмын деп айта аламын. Бұл шайқаста басым түссем, Мунгиямен жұдырықтасамын. Оны ұтсам, қайтадан Джермалл Чарлоға қарсылас атанамын», дейді украиналық боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Сергей Деревянченко бұған дейін үш мәрте әлем чемпионы атағына таласқан болатын. Алайда ол Геннадий Головкин, Дэниел Джейкобс, Джермалл Чарло секілді боксшыларға есе жіберді. Әйткенмен әлемдік бокс ұйымдары оған мүмкіндік беруден шаршамайтын секілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше