
Тізімде көш тізгінін екінші орта салмақтағы әлем үздігі Сауль Альварес қолға алған. Аса ауыр салмақтағы әлем мықтысы украиналық Александр Усик екінші орынға жайғасса, үздік үштікті жартылай орта салмақ дәрежесінің үздігі америкалық Теренс Кроуфорд түйіндеп тұр. Ал орта салмақта бақ сынап жүрген отандасымыз Геннадий Головкин үздік ондықтан тыс қалған.