
Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өткен жекпе-жекте АҚШ боксшының басымдығы ә дегеннен байқалып тұрды. Бірінші раундтан шабуылға көшкен ол жетінші раундқа дейін қарсыласын сабаумен болды. Карлос Буйтрахоның өте көп соққы жіберіп алғанын көрген төреші жетінші үш минуттықта кездесуді тоқтатты. Осылайша Сандовал кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.