Бұған дейін Берлин полициясы шеруге қатысушылардың санитарлық нормаларды сақтамауына байланысты тыйым салған. Акцияға Бранденбургтен келген арнайы топтың мүшелері қатысқан.
Олар журналистерге қарсы шабуыл ұйымдастырған. Полицияның мәліметінше, Берлин аудандарының бірінде заңсыз акцияға бірнеше жүз адам қатысқан.
Басылым хабарлағандай, зардап шеккен журналистердің бірін бұзақылар жерге жығып алып, оны әбден тепкілеген. Журналистер шабуылдың артында «әйгілі оңшыл радикалдар» тұрғанын айтты.