04 Наурыз, 2014

Көңіл айту жеделхатын жолдады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Рес­пуб­ликасының Төрағасы Си Цзиньпинге Куньмин қаласында болған тер­рор­лық актіге байланысты көңіл айту жедел­хатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Өз жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаев Куньминде көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы қай­ғылы хабарды күйзеле қабыл­да­ғанын айтқан. «Адамзатқа қарсы қыл­мыс­тарға еш­қандай ақтау болмайтынын және мұндай жан­түршігерлік әрекеттерді Қазақстан қатаң айып­тайтынын атап өтемін. Халық­аралық қоғамдастық қара ниет пен қазіргі замандағы қау­іп-қатерлердің тамырына балта шабуға күш-жігерін жұ­мыл­дыруға тиіс», делінген жедел­хатта. Мемлекет басшысы Қытай Ха­лық Рес­пуб­ликасының Төра­ғасы Си Цзиньпинге  және қаза тап­қандардың отбасыларына қай­ғы­рып көңіл айтып, зардап шек­кендердің бар­лығының тезірек сауығып кетулеріне тілек­тестігін білдірді.