04 Наурыз, 2014

Ықпалдастық әлеуеті жоғары

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Парламентінің Төрағасы Ээро Хейнялуомамен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. 03-03-02 Нұрсұлтан Назарбаев Фин­ляндия Парламенті Төрағасының алғашқы сапарына ілтипатын білдіре келіп, бұл елмен Қа­зақ­стан экономикалық және саяси ынтымақтастықты да­мы­туға мүд­делі екенін атап өтті. – Қазіргі уақытта өзара тиімді ын­тымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін екі ел парламенттері қарауға тиіс бірқатар келісімдер бар. Финляндияның соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері тәнті етеді және біз білім беру, жаңа технологияны дамыту мен енгізу саласындағы сіздердің тәжірибелеріңізді қабылдауға дайынбыз. Біздің индустриялық-инновациялық бағдарламамыз бірқатар фин компанияларының Қазақстанда жұмыс істеуіне мүм­кін­діктер береді, – деді Мемлекет басшысы. Э.Хейнялуома екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтті және Финляндия Президенті С.Ниинистёнің сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, Финляндия Парламентінің Төрағасы бизнес саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетіне тоқталды. – Көптеген фин компаниялары энергия үнемдеуші және энергия жағынан тиімді «таза» технологиялармен, сондай-ақ, «жасыл» табиғи ресурстар өндірумен айналысады, ол жағдайда табиғат бүлінбеген күйінде сақталады, – деді Э.Хейнялуома. Сонымен қатар, ол «Finnair» Финляндия ұлттық авиата­сы­мал­даушысы Астана мен Хель­син­ки арасында тікелей рейс­терді жүзеге асыруға дайын екенін хабарлады. Бұған қоса, Финляндия Пар­ла­ментінің Төрағасы өз елінің Қазақ­стан Президентінің бастамасы болып табылатын «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы хартияға қосылатыны жөніндегі шешімі туралы айтты. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Қысқы Олимпиада мәреге жетті

Олимпиада • Бүгін, 08:00