Ықылым замандардан бері Алатаудың арғы-бергі жағын қатар жайлаған қазақ пен қырғызға ортақ «Қосылғанның – қолы ұзын, қос түйенің – жолы ұзын» дейтін тәмсіл бар. Тарихы да, тағдыры да, танымы да ұқсас осы екі ұлтқа ортақ дүние аз емес.

Шері мен шежіресі қатар өрілген туысқан халықтардың рухани байлықтарын ғана емес, ұлттық мүдделер тұрғысында да байланыстыратын тұстар аз емес. Сондықтан Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев пен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Касмамбетовтің қатысуымен өткен «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік мәжілісінің мәні терең, маңызы үлкен. Оның үстіне осы жиында ортаға салынған, ойға қалдырған қазақ пен қырғыздың алаштанушы ғалымдарының ұсыныс-тілектері тың зерттеулерге серпін берері сөзсіз.
«Қазақстанға көптен дәл осындай бір қауым ел болып келмеген едік», деген көрші елдің зиялылары Халықаралық мәжіліс алдында қырғыз халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жүсіп Абдрахмановтың туғанына 120 жыл толуына және Қырғыз Республикасының құрылуына қатысты архив құжаттары мен тарихи фотосуреттерден арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеге Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, Қазақстан Президенті архиві және Кинофото және дыбыс жазбалары архиві қорларындағы материалдар қойылды.
Екі елдің Мемлекеттік хатшылары бас болған шараға Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Арслан Койчиев, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманкулов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, жазушылар одақтарының төрағалары Ұлықбек Есдәулет пен Нұрлан Қалыбеков Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Каныбек Иманалиев, ҰҒА академигі, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелдиев, белгілі қырғыз тарихшысы Зайнидин Курманов, сондай-ақ екі елдің зиялы қауым өкілдері мен танымал ғалымдары қатысты.
Халықаралық Түркі академиясының мұрындық болуымен ұйымдастырылған мазмұнды шараны Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды.
Алқалы жиында құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қырғызстандық әріптесіне Қазақстанға арнайы сапары үшін ризашылығын білдіре келе: «Өздеріңіз білесіздер, биыл біртуған елдеріміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Алатаудың қос қапталын қатар жайлаған қазақ пен қырғыз халқының рухани жақындығының тамыры тереңде. Бүгінгі алқалы жиынның Алатаудың баурайында, Достық үйінде өтуінің символдық мәні бар.
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы жарияланып, елімізбен бірге бірқатар шет мемлекеттерде кеңінен аталып өтілді. Ұлы жыраудың мерейтойы бауырлас Қырғызстанда бастау алып, міне, бүгін қазақ-қырғыз ынтымақтастығы аясында қорытындыланып отыр.
Жамбылдың рухани мұрасы қазаққа қалай қадірлі болса, қырғыз елі үшін де дәл солай қастерлі. Сондықтан екі ел үкіметтерінің қолдауымен арқалы ақынның бай мұрасын насихаттаған бірқатар мәдени-рухани шара ұйымдастырылды. Осы орайда, жыр дүлдүлі Жамбылға көрсеткен құрметі үшін туысқан қырғыз Үкіметіне айрықша алғысымызды айтамыз!», деді.
Мемлекеттік хатшы Бішкек пен Талдықорғанда дүбірлетіп еларалық айтыстар өтіп, осы аламан айтысты ұйымдастырудағы еңбегі бағалаған Садық Шерниязды Қазақстан Республикасының «Достық» орденімен марапатталғанын еске сала отырып, Тоқтағұл мен Жамбылдан бастау алған тұлғалар ынтымағы Алашорда заманында жалғасын тауып, достықтың дәнекеріне, сырбаз сыйластықтың салтанатты үлгісіне айналғанына тоқталды.
– Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаштың аяулы перзенттері Төреқұл Айтматов, Төреқұл Жанұзақов, Ишеналы Арабаев сынды қырғыз зиялыларымен тізе қосып, ұлт үшін ынтымақта қызмет етті. Бұл туралы белгілі ғалым З.Курмановтың бүгін тұсауы кесілгелі отырған «Кыргызский филиал партии «Алаш» атты еңбегінде де жақсы көрініс тапқан.
Осындай көрнекті қырғыз қайраткерлерінің бірі – Жүсіп Әбдірахманов 1920 жылдары Алматы қаласында тұрып, қалалық комитеттің жауапты хатшысы, кейіннен Талдықорғанда комитет хатшысы қатарлы лауазымды қызметтер атқарды. Осындай қызметтерде жүріп, Ораз Жандосов, Тұрар Рысқұлов сынды мемлекетшіл тұлғалармен бірлесіп, халыққа риясыз еңбек етті.
Сондықтан Жүсіп Әбдірахмановтың Алматы қаласында қызмет істеген, тұрған мекенжайын анықтап, ескерткіш тақта орнату, сонымен бірге еліміздегі көшелердің біріне ер есімін беру қажет деп есептеймін. Бұл Алаш зиялыларына көрсетілген зор құрмет әрі екі елдің рухани байланысын нығайтатын игі шара болары анық.
Алаштың тағы бір қайраткері, ағартушы, ақын – Қасым Тыныстанов та біз үшін айрықша қадірлі. Қасым ақынның Мағжан шығармаларынан нәр алған дауылпаз жырлары мен ғажайып прозалары қажыған халыққа рухани дем беріп, тың серпін сыйлады.
Қасым Тыныстанов ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтармен мұраттас болып, 1926 жылы Бакудегі I түркологиялық съезге қатысқаны белгілі. Ағартушы ғалым осы рухани байланыс нәтижесінде қырғыз әліпбиінің негізін қалады.
Ал қырғыз халқының фольклорлық мұрасы – «Манас» дастанын жинақтап, Әуезовтермен бірге Бішкектегі тұңғыш Бүкілодақтық конференцияда манастану мәселесін көтеруі түркі мирасына жасаған үлкен қамқорлығы деп білеміз.
Мінеки, бүгін қызметін қазақ баспасөзінде бастап, Мағжанға еліктеп қазақша өлеңдер жазған ақынның 1925 жылы қазақ және қырғыз тілдерінде жарық көрген «Қасым жырлары» жинағы Халықаралық Түркі академиясы тарапынан түрік тіліне аударылып, факсимилесімен қатар жарияланып отыр, деді Қырымбек Көшербаев.
Өз кезегінде Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Касмамбетов қонақжай қабылдауға алғыс айтып, тағылымды шараның бауырлас халықтардың бекем достығының айқын көрінісі екенін кеңінен толғады.
Жиында сөз алған Қырғыз елінің көрнекті қайраткері Қалыбек Иманалиев қазақ пен қырғыздың бір ел, екі мемлекет екенін еске салып, бұған қос хатшының дос хатшы болып отырғаны айғақ екенін атап айтты.
Конференцияда танымал тарихшы ғалымдар ХХ ғасыр басындағы қазақ-қырғыз зиялылары туралы ғылыми жаңалықтармен бөлісті. Сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясы жарыққа шығарған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, танымал ғалым З.Курмановтың «Кыргызский филиал партии «Алаш»: создание, деятельность, судьба» кітабы, ағартушы ғалым, ақын Қ.Тыныстановтың 1925 жылы қазақ және қырғыз тілдерінде жарық көрген «Қасым жырлары» кітабының түрік тіліндегі аудармасы таныстырылды.
Жиынды қорытындылаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев: «Шоқан мен Мұхтар, Жамбыл мен Кенендер қырғызға қалай ортақ болса, қазақ халқы да Тоқтағұл мен Шыңғысты, Жүсіп пен Қасымды өз ұлындай тең көреді. Сондықтан қазақ-қырғызға ортақ Жамбыл мен Алаш қайраткерлеріне арналған бүгінгі салтанатты жиын екі елдің рухани байланысын биік белеске көтерген игі бастама деп есептеймін», деді.
АЛМАТЫ
Қазақстан бірнеше елмен сауда көлемін арттырды
Қоғам • Бүгін, 16:13
Жануарлардың күтімін бақылайтын инспекторлар пайда болады
Қоғам • Бүгін, 15:58
Ералы Тоғжанов кімдердің жалақысы артатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:52
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Қазақстанда ұн бағасы 23 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:27
Қазақстан ЕАЭО елдеріне қандай тауар түрлерін экспорттайды
Қоғам • Бүгін, 15:19
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Астық өңдеушілер Қазақстанда бидай экспортына тыйым салуды сұрады
Экономика • Бүгін, 10:53
Министрлердің халықпен кездесу кестесі бекітілді
Үкімет • Бүгін, 10:50
Бішкекте Еуразия экономикалық форумы өтіп жатыр
Әлем • Бүгін, 10:47
Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:40
Шымкентте түлектер отырған кортеж жол ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 10:33
Ұқсас жаңалықтар