Тәуелсіздік • 06 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қалай құрылды?

1143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздігін жариялау кезіндегі естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қалай құрылды?

«Бұл бәріміз көптен күткен ай­шық­­­ты мезет, тарихи оқиға еді. Тәуел­сіз­­дік бізге оңайлықпен келген жоқ. Ал­дын ала ойлас­тырумен, зор ұйымдас­тыру­­шы­­лықпен, қапысыз дайындықпен жүзеге асты. Біз тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткізсек те, оған барар жолда бабалар қаны аз төгілген жоқ. Тәуелсіздік сол киелі қанның өтеуі еді», деп жазады Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы еліміздің тәуелсіздігі биік деңгейде мойындалуын алдын ала ойластырып, бар күш-жігерін сол мақсатқа бағындырғанын айтады.

«Қазақстан тәуел­сіздігін жариялаған күннің ертеңінде елімізге ресми сапармен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Дж.Бейкердің өзі келді. Бұл оның Қазақстанға екінші сапары болатын. Осы уақыт ішінде екеуміз өзара сенімге негіз­делген достық қатынас орнатып үлгер­ген едік. АҚШ-тың сыртқы саясатына жауапты тұлға Қазақстанды тұңғыш Президент сайлауымен, тәуелсіздік жариялауымен шын жүректен құттықтады. Бұл ақпаратты онымен бірге келген шетел­­дік журналистер қауымы АҚШ пен Батыс елдеріне сол сәтте-ақ таратып жіберді. Оқиғалар ағыны қарқын ала түсті. Экономикалық ынты­мақтастықты сақтау үшін 21 желтоқсан күні Ресей, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Түрік­менстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзер­байжан, Армения, Молдова және Қазақстан президенттері бас қосқан кездесу­де Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­­тығын құру жөнінде келі­сімге қол қойылды. Саммит Қазақ­стан тарапының бастамасымен Алматыда өтті. Бұл бір кездері «КСРО құрамына енген республи­калар­дың ендігі тағ­дыры қалай болады, кімнің жете­гінде кетуі мүмкін?» деген әлем мемлекеттерінің алаңдау­шылығын сап тыйып, Достастық мемлекеттерінің бірлестігі пайда болды. Тәуелсіздік осындай «тар жол, тайғақ кешулер» мен «соқ­тықпалы, соқпақты замандардан» аман өтіп, өзінің арналы жолын тапты», деп есіне алады Елбасы.