Бокс • 06 Желтоқсан, 2021

Ел боксының жай-күйі талқыланды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Халықаралық Бокс федереациясының президенті (AIBA) Умар Кремлёв пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевпен кездесті.

Ел боксының жай-күйі талқыланды

Жоғары дәрежеде өткен кездесуде тараптар Қазақстан боксының дамуына жан-жақты тоқталды. Маңызды мәселелердің бірі ретінде мектептер мен жоғары оқу орындарында бокс спортын дамыту жайы талқыланды.

Сонымен қатар AIBA-ның басшысы Қа­зақ­станға сапары аясында жас боксшылар­мен жаттығу өткізді. Елордадағы «Бокс ор­та­­лығында» өткен іс-шара Умар Назаро­вич­тің алғы сөзімен басталып, артынша жатты­ғуға ұласты. Нұр-Сұлтан қаласының аға жаттық­тырушысы Асқар Еркебаев өткізген жаттығуға жүзден аса спортшы қатысты.

AIBA президенті Қазақстанда өсіп келе жатқан жас буын боксшылардың қабілетіне таңданысын жасырмады.

– Қазақстан – бокс державасы. Оны жақында Сербияда өткен әлем чемпионатынан байқауға болады. Мен мұнда боксшылардың қалай да­йындалып жатқанын, жаттықтырушылар қалай жұмыс істеп жатқанын көру үшін келдім. Қазіргі уақытта AIBA тарапынан төрешілікке қатысты реформалар жүргізіліп жатыр және біз бірінші кезекте бокстың адал және ашық болғанын қалаймыз, – деді Умар Крем-
лёв.