Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында биылғы 10 айдағы бас шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен таныстырды.

– Нұр-Сұлтан қаласы жаз айларында «қызыл аймақта» болды. Күн сайын індет жұқтырған 1 600-ден астам адам анықталып отырды. Қазіргі кезде эпидемиялық ахуал біршама жақсарды, күніне 100-130 жағдай тіркеледі. Бүгінде елорда – «сары аймақта». Бұған ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы өз септігін тигізді. Елордадағы ересек азаматтардың 66%-дан астамы егілді. Сондай-ақ 61%-дан астам азамат, яғни 434 мың адам вакцинаның екінші компонентін алды. Бұған қоса, қараша айында ревакциналау басталды. Бүгінде 1 177 адам ревакциналаудан өтті. «Омикрон» вирусының пайда болуына байланысты халықаралық аренадағы ірі қалаларда, мемлекеттерде қосымша шектеулер енгізілуде. Мұны болдырмас үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтауымыз қажет. Вакциналауды одан әрі жалғастыратын боламыз, – деді шаһар басшысы.
Кейінгі 20 жылда елорда тұрғындарының саны 3 есе өсіп, 1,2 миллион адамнан асты. Халық санының артуы уақтылы шешімдерді қажет етеді: адамдар неғұрлым көп болса, сұраныс соғұрлым артады. Бұл – инфрақұрылымдық сипаттағы мәселелер, қолжетімді баспана құрылысы, инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, инженерлік желілер мен әлеуметтік нысандар салу.
– Өткен он айда елордадағы әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. ШОБ-та жұмыс істейтіндер саны 11,9%-ға артып, 401 мың адамды құрады. Пандемияға қарамастан, қабылданған мемлекеттік шаралардың нәтижесінде айтарлықтай өсім тіркелді. ШОБ өнімінің көлемі де 38,7% ұлғайып, 3,9 трлн теңгені құрады. Бюджетке түсетін түсімдер 36%-ға өсіп, 373 млрд теңге болды. ЖӨӨ құрылымындағы ШОБ үлесі – 56%. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Яғни елорда инвестициялық тартымды қала болып саналады, – деді әкім.
2021 жылдың 10 айында елордада 2 млн 277 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейінгі жоспар – 3 млн 200 мың шаршы метр. Құрылыс қарқыны артып қана қоймай, үлескерлердің мәселелері де шешілуде.
– Тұрғын үй – өте өзекті мәселе. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолжетімді тұрғын үй құрылысын 3 есеге арттырдық. Егер 2019 жылы 2 900 пәтер салынса, 2020 жылы – қолжетімді тұрғын үйлер саны 7 мың пәтер. 2021 жылы жоспар бойынша 10 мың пәтер тапсырылады. Бүгінде соның 7,5 мыңы пайдалануға берілді. Айта кетейік, маңызды мәселенің бірі: бұл пәтерлер жылдар бойы кезекте тұрған тұрғындарға беріледі. Бұл – «Отбасы банкінің» салымшылары мен жұмыс істейтін жастар. Елбасы бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жастарға 2019 жылы 1 050 пәтер берілсе, былтыр 600 пәтер, биыл 1 мыңнан астам пәтердің кілтін тапсырамыз. Сондай-ақ «Елорда жастары» бағдарламасы қабылданды. Соған сәйкес жұмыс істейтін жастар үшін «Отбасы банкімен» жылдық мөлшерлемесі 5%-ды құрайтын тұрғын үй ұсынылады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе – ескі апатты жағдайдағы үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілуде, – деді қала әкімі.
Қаржысын құйғанымен, пәтерін ала алмаған үлескерлер мәселесі де көптеген қала тұрғындарын толғандырады. 2018-2019 жылдары үлескерлер саны 16 мыңнан астам отбасы болды. Осы кезеңде мемлекет қолдауының есебінен 12 900 үлескердің мәселесі шешіліп, олар 90 көппәтерлі тұрғын үйден өз пәтерлерінің кілтін алды. Енді 3 145 отбасы немесе 60 көппәтерлі тұрғын үй қалды. Айта кетейік, елорда әкімдігі үлескерлер мәселесін республикалық және жергілікті бюджет қаржысымен ғана емес, сондай-ақ 90 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тарту арқылы да шешіп отыр.
Маңызды міндеттің бірі – үш ауысымдық оқуды жою. Осыдан 10 жыл бұрын қалалық мектептерде 74 мың бала оқыса, қазір 215 мың бала білім алады. Бұл көрсеткіш алдағы онжылдықта 2 есеге артады деп күтілуде. Сондықтан білім ошақтарының санын арттыру қажет.
– Егер бұрын қалада жыл сайын 1-6 мектеп салынса, қазір бұл жеткіліксіз. Биыл мектептер саны 15-ке дейін ұлғайтылды. Бұл екі ауысымда оқытатын 40 мыңға жуық оқушы орны. Егер жыл сайын 20 мектеп салуға мүмкіндік болса, біз бұл деңгейді төмендетпеуіміз керек. Таяудағы 5 жыл ішінде қаламызда шамамен 70 мектеп салуға ниеттіміз. Бұл білім беру жағдайы мен сапасын айтарлықтай жақсартады. Тағы бір жаңалық – ірі мектептердің құрылысы. Егер стандарттар бойынша бұрын барынша 1 200 орынға тұрғызылса, қазір 2 мың орындық мектептер салынады. Бұл қала құрылысы тұрғысынан өте маңызды, өйткені жерді бөлу керек. Қазір қала өте жинақы салынуда, жыл сайын 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салып жатырмыз: әр орамда мектеп қадамдық қолжетімділікте болуы үшін инженерлік инфрақұрылым тарту керек. Бұл өте маңызды міндеттер, біз ҚНжЕ өзгерттік, Үкіметпен келістік, Білім және ғылым министрлігімен бірге биыл 2 ауысымда 4 мың оқушы оқитын мектептер саламыз. Қазір инвесторлар мектеп құрылысына инвестиция салуға ниетті, – дейді қала әкімі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй алаптарын дамыту бойынша жеке бөлім қабылданды. Үкіметте жоспар қаулымен бекітілді. Елорда тұрғындарының төрттен бірі 16 тұрғын алабында тұрады. Онда 305 шақырым газ тарату желілері тартылды. 200-ге жуық көшеге асфальт төселді. 30 қоғамдық кеңістік, 20-дан астам аула, мектеп пен 2 спорт кешені салынды. Бүгінде тағы 2 спорт кешені салынып жатыр. Мұның барлығы тұрғын үй алаптарында тұратын тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратыны анық.
– Бұқаралық спортты дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдымызда тұрған ауқымды міндеттің бірі – жастар, жасөспірімдер арасында спортты дамыту, тұрғындар арасындағы спортпен шұғылданатын адамдардың санын көбейту. Бұл үшін ең алдымен спорттық нысандарды көптеп салу қажет. Бүгінде елорда аумағында 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 30-дан астам аула клубтары және ірі спорттық нысандар бар. «Қазақстан» спорт кешенінде, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, – деді А.Көлгінов.
Газдандыру Елбасының бес әлеуметтік бастамасында бесінші бағытта бекітілген. Газдандыру жұмыстары 2019 жылы басталып, жалғасын табуда. Жоба үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең аяқталып, бүгінде екінші кезең қолға алынды. Ал үшінші кезең 2023 жылдың соңына дейін іске асырылады.
– Бүгінгі таңда 650 шақырым инженерлік желі тартылды. Оның басым бөлігі Алматы және Сарыарқа аудандарында орналасқан. Бұл аудандарға газ толық жеткізілді. Қазіргі уақытта әр үйге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ЖЭО-1, ЖЭО-2-де 13 су жылыту қазандығы газға көшірілді, – дейді спикер.
Қазіргі уақытта қалада 1,5 мыңнан астам отбасы газбен қамтылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 2,5 мыңға дейін жеткізілмек. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда 2 автомобиль көпірінің құрылысы жүріп жатыр.
– Мемлекет басшысы елордада көпірлер мен көлік жолайрықтарын салудың маңыздылығын атап өтті. Қараша айында Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы басталды. Бұрын құрылыс мерзімдерін кешіктірген сот процестері болған. Қазіргі уақытта барлық процедуралық сәттер шешіліп, көпір құрылысы басталды. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа темір жол вокзалы ауданы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ауданы, Р.Қошқарбаев даңғылы, Ж.Нәжімеденов көшесі, А.Байтұрсынов көшесі, Қордай көшесі, Айнакөл көшесі, Б.Момышұлы даңғылының сол жағалауымен қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәселен, Тәуелсіздік даңғылындағы көпір пайдалануға берілгеннен кейін Мәңгілік ел даңғылындағы жүктеменің 20%-ға дейін төмендеуін болжап отырмыз. Бұл көпірдің құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған, – деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар елорда әкімі Ұлы дала даңғылында көпір салынып жатқанын атап өтті. Оң және сол жағалауды жалғайтын көпір Мәңгілік ел даңғылының, Ж.Нәжімеденов, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев көшелерінің, Nova city ауданының, «Мыңжылдық» аллеясының жүктемесін азайтады. Жаңа «Нұрлы жол» вокзалының, Тельман тұрғын алабының, «Метро» гипермаркеті ауданының, Промышленный тұрғын алабының, М.Жұмабаев даңғылының, Т.Жүргенов көшесінің қолжетімділігін арттырады.
Бұған қоса биыл және былтыр елордада 300 көше салынып, жөнделді. Олардың жартысынан көбі тұрғын үй алаптарында. Сондай-ақ жаңа бағыттар, автобус жолақтары іске қосылды, автобус паркі жаңартылуда. Мұның бәрі қала тұрғындарына қала ішінде ыңғайлы жүруге, жол уақытын қысқартуға және қаланы мобильді етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Ұқсас жаңалықтар