Ақорда сарайында Қазақстан астанасына мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Шығыс залында шағын құрамда келіссөз өткізді.
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары екіжақты стратегиялық серіктестіктің кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты негізгі аспектілер қарастырылды. Сондай-ақ аймақтағы, соның ішінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан, Шавкат Мирзиёевтің қазақ жерінде өтіп жатқан мемлекеттік сапарының маңызды екенін атап өтті.
– Біз бүгін одақтастық қатынастар туралы Декларацияға қол қоямыз. Бұған дейін стратегиялық серіктестік қағидаларына сүйеніп келген болсақ, алдағы уақытта біздің өзара қарым-қатынастарымыз шын мәніндегі жаңа деңгейге көтеріледі. Сондықтан бүгін қол қойылатын құжаттар елдеріміздің арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп есептеймін. Біз үкіметтерімізге жақын арада сауда көлемін 3 миллиард долларға, кейінірек 10 миллиард долларға дейін жеткізу туралы тапсырма беруге уағдаластық. Бұл өте жоғары деңгей, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі екі мемлекеттің рөлі туралы айтты.
– Елдеріміз арасындағы одақтастық, стратегиялық қарым-қатынастар – Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы. Бұл ешқандай артық айтқандық емес. Екі ел арасындағы байланыстар қаншалықты тығыз болса, біздің маңызды аймақтағы ахуал да соншалықты тұрақты болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шавкат Мирзиёев қазақ жерінде көрсетілген дәстүрлі қонақжайлық үшін ризашылығын білдіріп, өзінің және өзбек халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Өзбекстан басшысы Қазақстан Президентінің басшылығымен еліміздің жеткен жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол екіжақты қатынастардың дамуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор үлес қосқанын атап өтті.
Өзбекстан Президенті өзінің мемлекеттік сапары Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанының символдық мәні бар екенін айтты. Ол екі ел халықтарының арасындағы ғасырлар бой қалыптасқан достық қарым-қатынастар мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор септігін тигізетініне сенім білдірді. Сондай-ақ екі ел үкіметтерінің осы сапар қарсаңында атқарған нәтижелі жұмыстарын атап өтті.
Әлемде коронавирустан 6,2 млн адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:10
Референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асырады - Ерлан Қошанов
Парламент • Бүгін, 16:57
Әлем • Бүгін, 16:37
Конференция лигасының жеңімпазы анықталды
Спорт • Бүгін, 16:32
Қаржы • Бүгін, 16:25
Қазақстан бірнеше елмен сауда көлемін арттырды
Қоғам • Бүгін, 16:13
Жануарлардың күтімін бақылайтын инспекторлар пайда болады
Қоғам • Бүгін, 15:58
Ералы Тоғжанов кімдердің жалақысы артатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:52
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Қазақстанда ұн бағасы 23 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:27
Қазақстан ЕАЭО елдеріне қандай тауар түрлерін экспорттайды
Қоғам • Бүгін, 15:19
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Ұқсас жаңалықтар