Коронавирус • 06 Желтоқсан, 2021

Елордада қанша адам Pfizer вакцинасын алды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Pfizer препаратын алуға жататын контингенттің 8,6 мыңнан астамы егілді. Вакцинациядан өткендер арасында бірінші орында жасөспірімдер – 12 жастан асқан 5 900-ге жуық бала тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада қанша адам Pfizer вакцинасын алды

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқушылардың медициналық ұйымдарда да, білім беру мекемелерінің медициналық пункттерінде де белсенді вакцинацияланатынын хабарлады.

«Одан кейін емізетін аналар – 2 500-ден астам, ал жүкті әйелдер – 191 адам.

Жалпы қала бойынша КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 475 мыңға жуық азамат алды, ал 434 мыңға жуық тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті.

Сондай-ақ, елордада компоненттер арасындағы интервалға сәйкес азаматтардың ревакцинациясы жалғасуда. Осылайша, қалада 1600-ден астам адам қайта егілді», делінген әкімдік хабарламасында.