2014 жылғы 10 қаңтар, Астана қаласы
«Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 140-р өкіміне сәйкес бұйырамын:
1. «Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8267 болып тіркелді, 2013 жылғы 17 қазандағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аумақтық ережелерде оларды әзірлеген кезде елді мекендер аумағының, құрылыс салудың, оларда мәдени, тарихи сәулет-қала құрылысы мұрасын және табиғи ландшафтын сақтаудың өзіндік ерекшеліктерін ескеру туралы талаптар болуға тиіс.».
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті (С.М. Дембай):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.ЖӘМІШЕВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 13 ақпанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9145 болып енгізілді.