Коронавирус • 07 Желтоқсан, 2021

8 мыңнан астам жүкті әйел Pfizer вакцинасын алды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда сегіз мыңнан астам жүкті әйел Pfizer екпесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 мыңнан астам жүкті әйел Pfizer вакцинасын алды

Қазақстанда 6 желтоқсандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 795 168 адам, екінші компонентін 8 203 255 адам алды. 

Жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар арасында 6 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының️ I дозасын 137 854 адам, ІІ дозасын 1 229 адам салдырды. 

І компонент: 

  • Жасөспірімдер – 110 337 
  • Жүкті әйелдер – 8 097 
  • Бала емізетін әйелдер – 19 420. 

ІІ компонент: 

  • Жасөспірімдер – 881 
  • Жүкті әйелдер – 102 
  • Бала емізетін әйелдер – 246.