Оқиға • 07 Желтоқсан, 2021

Атырауда көпірден секірген әйел құтқарылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда көпірден секіріп кеткен жүкті әйел құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда көпірден секірген әйел құтқарылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, бүгін жүкті әйел жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткен. Оқиға таңертең сағат 09.35 кезінде болған.

Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қайықпен әйелдің жанына дейін жүзіп, оны судан шығарып алды.

Сосын полицейлер келіншекті Атырау облысы ТЖД қызметкерлеріне тапсырды. Құтқарушылар дереу жасанды тыныс алу және жүрек массажы арқылы алғашқы көмек көрсеткен.

Құтқарушылардың жедел және батыл әрекетінің арқасында әйел адам жедел жәрдем келгенге дейін құтқарылды.

Құтқару операциясына Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен бір техника қатысты.