Әлем • 07 Желтоқсан, 2021

Сауда үйіндегі жарылыстан екі адам қаза тапты

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Денау қаласындағы «Инденим» сауда кешенінде жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда үйіндегі жарылыстан екі адам қаза тапты

Бұл туралы Информбюро сайты жазады.

Жарылыс түнгі сағат 3.57-де болған. Ғимараттың қабырғасы құлап, өртенген.

«Ғимаратта болған тоғыз адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде қирандылар астынан екі адамның мәйіті табылды», делінген ТЖД хабарламасында.

Қазіргі күні жарылыс себептерін анықтауға арналған комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.




 

Соңғы жаңалықтар