Жекпе-жек • 07 Желтоқсан, 2021

Бапкер: Конор жекпе-жекті сағынып жүр

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор Макгрегордың бұрынғы бапкері Джон Кавана шәкіртін жарақаты жазылғаннан кейін кімдерге қарсы сегіз бұрыштан көргісі келетіні туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бапкер: Конор жекпе-жекті сағынып жүр

«Шынымды айтсам Нейт Диазға қарсы трилогия өткізгіміз келеді. Бұл шайқас өте қызық болады деп ойлаймын. Ол соққысы сойқан спортшы. Жанкүйерлер сондай кездесулерді жақсы көреді. Конор мен Тони Фергюсон арасындағы шайқас туралы да уақытында аз айтылған жоқ. Тони әлі де өзінің мықты екенін дәлелдегісі келеді. Сондықтан оған қарсы Конор қуана-қуана шығады. Жеңіл салмақта мықты спортшылар жеткілікті. Дэн Хукер, Ислам Махачев секілді саңлақтармен де керемет жекпе-жек ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ Чарльз Оливейра мен Дастин Порье арасындағы кездесудің жеңімпазымен де сегіз бұрышты бөлісуге дайынбыз», дейді бапкер.

Соңғы деректерге сенсек, ирландиялық Конор Макгрегор сәуір айында октагонға оралауы мүмкін.