Президент • 07 Желтоқсан, 2021

Мемлекет басшысы рақымшылық туралы заңға қол қойды

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы рақымшылық туралы заңға қол қойды

Бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қабылданды.

«Құжаттың мақсаты – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту. Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады», деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.