Әлем • 07 Желтоқсан, 2021

Түрмедегі өрттен 38 адам қайтыс болды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурунди елінің түрмесінде тұтанған өрт салдарынан 38 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрмедегі өрттен 38 адам қайтыс болды

«Гитега орталық түрмесіндегі өрттен 38 адам қайтыс болды, сондай-ақ 12 адам тұншығып, 69-ы қатты зардап шекті», делінген Iwacu жергілікті басылымы жазған ақпаратта.

«Кем дегенде мың тұтқын ұсталатын түрмеде өрт таңғы сағат 4-те (Қазақстан уақытымен 08:00) болғандығы айтылады. Оқиға орнына «Қызыл крест» қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жедел жетті, бірақ олар ғимараттан жылдам қайтуға мәжбүр болды «Олардың жүзінен қасіреттің табы айқын аңғарылып тұрды»,  деп жазды басылым.