Экономика • 07 Желтоқсан, 2021

Еңбек министрлігі зейнетақы жинағын алу шегінің өзгеруіне түсініктеме берді

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегіне қатысты ешқандай өзгерістер енгізбеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек министрлігі зейнетақы жинағын алу шегінің өзгеруіне түсініктеме берді

Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда, барлық есеп айырысуларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес жеткіліктілік шегі – белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы, ол БЖЗҚ-ға тұрақты 10% жарналарды ескере отырып, болашақта оны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған көрсеткіштердің кез келгенін өзгерту автоматты түрде жеткіліктілік шегін қайта есептеуге алып келетінін атап өту қажет. Осыған байланысты Еңбекмині әдістеме бекітілгенге дейін жеткіліктілік шегі жыл сайын қайта есептелетіні туралы бірнеше рет (2020 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейінгі кезеңде) хабарлады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес зейнетақы жүйесінің жинақтаушы сегментінде саясатты іске асыруды, оның ішінде жоғарыда көрсетілген әдістеме негізінде жеткіліктілік шегін есептеуді бірыңғай оператор БЖЗҚ атынан жүзеге асырады. Сондай-ақ, заң жүзінде БЖЗҚ-ның өз қызметі туралы консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру міндеті тікелей көзделеді», делінген хабарламада.

Тиісінше, Еңбек министрлігі құзыретке ие емес, сондай-ақ оның БЖЗҚ есептейтін ең төменгі жеткіліктілік шектерінің анықтығын қандай да бір растауға мүмкіндік беретін мәліметтері болмайды.