Жаһандық игі істердің ұйытқысына айналды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабын ашу салтанаты болып өтті. Қазақ мемлекетінің Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданған күні қарсаңында жеткен жағымды жаңалық – әл-Фараби университеті ғылым мен білім саласындағы халықаралық көшбасшы оқу ордасы ретінде танылып отыр. БҰҰ-ның әлемдік мойындауға және жүзеге асыруға ие болған адам құқығы, сауаттылық, тұрақты даму мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу принциптеріне негізделген «Академиялық ықпал» бағдарламасына Қазақ университетінің Орталық Азия елдері жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып қосылуы ел өміріндегі елеулі оқиға десек болады. Оған «Global Classroom» бағдарламасын белсенді жүргізгені сеп болып отыр. Университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов салтанатты шара барысында жиылған көпшілікке БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахмановтың осы игі шараға орай жолдаған жеделхаттарын оқып берді. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар бойынша елшісі, Отанымыздың БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты елшісі Ақмарал Арыстанбекова, Қазақстандағы БҰҰ Хатшылығының қоғамды ақпараттандыру басқармасының өкілі Властимил Самек мырзалар университет оқытушылары мен студенттер алдында сөз сөйледі. Осы орайда айта кететін тағы бір жағымды жаңалық, алдағы мамыр айында ҚазҰУ-де әлемдік деңгейдегі ІІІ Азия университеттері ректорларының үлкен форумы өтеді. Ол Азия аймағындағы қауіпсіздік пен жарқын болашақ үшін интеграциялық үдерістің мықты қозғаушы күші болады деп жоспарлануда. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше