Спорт • 08 Желтоқсан, 2021

Әлем чемпионаты елордада өтеді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсанның 25-31-і күндері Нұр-Сұлтанда шахматтан рапид және блицтен 2021 жылғы әлем чемпио-н­ат­ы (FIDE World Rapid and Blitz Championships 2021) өтеді.

Әлем чемпионаты елордада өтеді

Аталған жарыс шахмат күнтізбесіндегі жанкүйерлер мен спортшылардың асыға күтетін маңызды оқиғалардың бірі саналады. Биылғы біріншілікке әлемнің 50 елінен 200-ден астам шахмат шебері қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда, олардың қатарында қазіргі әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) нұсқасы бойынша рейтингте ең жоғары тұрған жаһанның үздік шахматшылары да бар.

Сондай-ақ жарыс өз елімізде өтетін болған соң, Халықаралық шахмат федерациясы тарапынан Қазақстанға қосымша 30 ойыншыны қатыстыруға мүмкіндік берілді.

Соңғы жаңалықтар