05 Наурыз, 2014

Тау атқыштары

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Оңтүстік» өңірлік қол­­­басшылығына қарас­ты тау атқыштары бригадасында әртүрлі қызметтер арасында үздік мамандарды анықтау байқауы аяқталды. Бөлімнің тәжірибелі офи­церлері мен кәсіпқой сержанттарынан тұратын комиссия үш күн бойы келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің арасынан неғұрлым сауатты мамандарды анықтады. Үздік маман атағына әскери бөлімнің 55 әскери қызметшісі қатысты. Байқау бағдарламасына олардың теориялық және тәжірибелік дағдысын тексеру енгізілді. Тау атқыштары бригадасының сержанты – 58395 әскери бөлімі сер­жанттық құраммен жұмыс жө­ніндегі бөлімше бастығы бірін­ші сыныпты сержант Қуандық Мадияров: – Байқаудың басты тапсыр­масы – қатысушылардың жеке дайындығын тексеру негізінде мамандар мен бөлімше коман­дир­лерінің әскери-кәсіби тұрғыдағы дайындығын анықтау, – деп атап өтті. Сержанттардың кәсіби даярлық ережелеріне сәйкес байқау Қазақ­стан Қарулы Күштерінің жарғылары, тактикалық-арнайы және атыс дайындығы, дене тәрбиесі, сап дайындығы, жаппай қырып-жою қаруынан қорғану сабақтары бойынша жүргізілді. Барлық пәндерден сынақ тапсыру үшін келісімшарт бойынша әскери қызметшілер плацта, тренажерлік сыныптарда жұ­мыс істеп, полигонға шықты. Бай­қау барысында олар спорт да­йындығы бойынша сынақ тапсырып, жеке қаруды бұзып жинауды жүргізді. Қысқа мерзім ішінде противогаздар мен жалпы әскери қорғаныш костюмдерін кию­ден, сап дайындығынан тәжірибе­лік және теориялық бі­лімдерін көрсетті. – Біз бөлімдегі гранататқыш, атқыш, пулеметші, мерген, сапер, радиотелефоншы және көптеген мамандықтар арасынан үздік маман­дарды анықтадық. Биылғы жа­у­­ынгерлік жарыс «Кәсіпқойлық – ар­мия негізі» ұранымен өтуде. Сол себепті, олардың бүгінгі же­­ңі­­сі ертеңгі жеңістерінің бастауы, – деп атап өтті тау атқыштары бри­га­дасының командирі, подполковник Қуанышбек Үштаев. «Егемен-ақпарат».