Кәсіпқой бокс • 08 Желтоқсан, 2021

Эдди Хирн: Андраде Әлімханұлымен жұдырықтаспайды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраденің промоутері Эдди Хирн америкалық былғары қолғап шеберінің белбеуден бас тартуы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эдди Хирн: Андраде Әлімханұлымен жұдырықтаспайды

«Біз бүкіләлемдік бокс кеңесіне ереже аясында WBC чемпионы Джермалл Чарлоға қарсы шайқас ұйымдастыру мәселесімен хат жаздық. Арада бір күн өткенде бүкіләлемдік бокс ұйымынан міндетті қарсыласпен кездесу туралы хат алдық. Міндетті қарсыластың кім екені беймәлім. Ол туралы бұрын-соңды естімеген едік.

Әрине, WBO чемпиондар арасындағы шайқас мәселесін шеше алмайды. Алайда олар бұған келісім береді. Біздің WBC-ке хат жазғанымызды біліп отырып, Андрадені қазақ боксшысымен жұдырықтастыру кімге керек?

Енді біз басқаша шешім қабылдауға тиіспіз. Мүмкін Андраде екінші орта салмаққа көтеріліп, ұйым ережесі аясында әлем чемпионына (Сауль Альварес) міндетті қарсылас атануы керек шығар. Қалай болған күнде де бір шешімге келеміз. Өйткені ешкім танымайтын қазаққа қарсы Андраде шықпайды», дейді Эдди Хирн.