Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Заң жобасын Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірледі», деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой палатаның жалпы отырысында.
Оның айтуынша, заң жобасының негізгі тұжырымдамасы биологиялық қатерлерді ерте анықтау және олардың алдын алу болып табылады.
Заң жобасында келесі мақсаттар көзделген:
- Уәкілетті органды айқындау, биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың үйлестіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылы, олардың құзыреттерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреттерін айқындау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес төтенше жағдайлар кезінде, соғыс жағдайы режимі жағдайында және әскери қауіпсіздік пен қорғаныс шеңберінде, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау, күзетілетін адамдар мен объектілердің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған мүдделі мемлекеттік органдардың үйлестіруші рөлін ахуалдық айқындау;
- Биологиялық қауіпсіздік саласындағы орталықтандырылған есепке алу және мониторинг, үйлестірілген ден қою шараларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының аумағында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу мақсатында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе құру. Мұндай жүйені құрудың нәтижесі болжау, биологиялық қауіптерді басқару жүйелерін қалыптастыру болады;
- Әрбір объектіге (стационарлық немесе мобильді) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат алу;
- Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің олардың меншік нысанына қарамастан сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеудің міндетті рәсімінен өтуі;
- Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерін биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту, нұсқау беру, білімін тексеру;
- Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері мен қосалқы персоналын әлеуметтік қорғау, олардың жалақысын ұлғайту, екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы енгізу;
- Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми және білім беру қызметін реттеу.
Сондай-ақ, биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамада көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру көзделген.
Саясат • Кеше
Коронавирус қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус • Кеше
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Тұтылып тұрып, құтылып кеткені қалай?!
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Өнер • Кеше
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Экология • Кеше
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Күрес • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты
Қоғам • Кеше
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Аймақтар • Кеше
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Коронавирус • Кеше
Президент стрестік активтер нарығын дамыту бойынша заңға қол қойды
Президент • Кеше
Президент волонтерлік қызмет туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
Аймақтар • Кеше
Елордада туристік ақпараттық орталық ашылады
Туризм • Кеше
Олжас Сыдықбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы анықталды
Әдебиет • Кеше
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Кеше
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар