Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 476 мыңнан астам азамат алды, 438 мың тұрғын иммундаудың толық курсынан өтті.
Әкімдікте өткен брифингте елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева хабарлағандай, вакцинация пунктері 36-дан астам медициналық ұйымдарда және қаланың 4 сауда кешенінде орналасқан: «Керуен» СОО, «Абу-Даби Плаза», «Азия парк» және «Евразия» сауда үйлері.
«Азаматтарды вакцинациялауға 300-ден астам медицина қызметкері жұмылдырылды. 15 қарашадан бастап елорда Pfizer препаратымен жүкті және бала емізетін әйелдерді, 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялауға кірісті. Толық үш апта ішінде осы вакцинамен тиісті контингенттен 9 300 адам вакцинацияланды. Pfizer алу бойынша көшбасшы болып тұрған жасөспірімдер - 6 200 – ден астам бала, одан кейін бала емізетін аналар - 2 800-ден астам және жүкті әйелдер-206 адам. Жасөспірімдер екпені медициналық ұйымдарда да, өз мектептерінің медициналық пункттерінде де ала алады», деп хабарлады Гүлназ Досмырзаева.
Сонымен қатар 22 қарашадан бастап бүкіл ел бойынша азаматтардың коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациясы басталды. Бүгінгі таңда елордада медициналық қызметкерлер, педагогтер, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингентінен 2 100-ге жуық адам КВИ-ге қарсы қайталама вакцина алды.
«Ревакцинация санитарлық нормалар мен компоненттер арасындағы аралықты қатаң сақтай отырып жүргізілетінін атап өткім келеді. Вакцинаны қайтадан медициналық ұйымдардың және СОО, т.б. вакциналау пунктерінен алуға болады. Қызыл аймаққа оралмас үшін карантин режимі туралы ұмытпау керек. Сонымен қатар вирустың мутациясын ескере отырып, иммунитетті инфекциядан мүмкіндігінше тезірек қорғау қажет. Бұған тек вакцинация көмектеседі», деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.