Әлем • 08 Желтоқсан, 2021

Жүк көлігі 17 оқушыны басып кетті

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нигерияның ең үлкен қаласы Лагостағы жүк көлігінің жүргізушісі мектептің 17 оқушысын қағып кетті. Бұл туралы сәрсенбі күні Vanguard газеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жүк көлігі 17 оқушыны басып кетті

Басылым мәліметіне сенсек, оқиға сейсенбі күні болған. Әртүрлі жарақат алған оқушылардың саны әлі нақтыланған жоқ. 

Ашулы тұрғындар тәртіп сақшылары ұстаған жүргізушіні өздері жазаламақ болған.

Ал жүк көлігі өртеніп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, оқиға жүк көлігі жүргізушісінің рөлге ие бола алмай қалуынан болған.