Кәсіпқой бокс • 08 Желтоқсан, 2021

Джервонта Дэвис жеңіл салмақты таңдады

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің тұрақты чемпионы Джервонта Дэвис жақын арада бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіне оралмайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Джервонта Дэвис жеңіл салмақты таңдады

«Джервонта Дэвис өзінде тек жеңіл салмақ дәрежесіндегі белбеуді қалдыру туралы өтінішпен қайырылды. Боксшының таңдау жасауына бес күн уақыт берілген болатын. Ол жеңіл салмақ дәрежесінде кәсіби мансабын жалғастырғанды жөн санады. Осы шешімнің аясында бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде тек Джош Тейлор ғана әлем чемпионы болып қала береді», делінген WBA таратқан ресми хабарламада.

Боксшының мұндай таңдау жасауы бір жағы заңдылық секілді. Бәлкім ол жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, австралиялық Джордж Камбососпен шаршы алаңда кездескісі келетін шығар.