«Дәл қазір менің бойымды екіұшты сезім билеп алған. Шындыққа тура қарайтын болсақ, мен кәсіпқой бокста алдыма қойған мақсаттың барлығына қол жеткіздім. Қызым бір жасқа толған кезде оған қарап тұрып: «Мен кәсіпқой бокста әлем чемпионы атанамын» деп уәде берген болатынмын. Ол уәдемді орындадым. Иә, кәсіпқой бокс әлемінде көптеген жетістікке қол жеткіздім. Сондықтан ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспін. Ең бастысы өзіме кім екенімді дәлелдедім. Қазір мен кәсіби мансабымды аяқтасам ба, жоқ әлде бәрін қайтадан басынан бастасам ба деген сауалға бас ауыртып жүрмін. Жақын күндері бұл сауалдың жауабын табатын шығармын», дейді боксшы өз ойымен бөлісіп.
Естеріңізге сала кетейік, америкалық боксшы соңғы жекпе-жегінде ұлыбританиялық Тайсон Фьюриге қарсы рингке көтеріліп, қарсыласынан нокаутпен жеңілген болатын.