Елбасының ерекше туындысы саналатын бүгінгі елорда саламатты ұлт қалыптастырудың соны соқпағына түсті. Әсіресе ерекше жандардың ем-домына, оларды оңалту жұмысына баса мән беріліп келеді. Мүмкіндігі шектеулінің мүмкіндігін шектемейтін шаһардағы басты мақсат – қоғамның қамқорлығы мен жан жылуын тарата білу болып отыр. Есесіне, айрықша қамқорлықты қажет ететін қала тұрғындары шарапаты мол істің шапағатын сезінеді.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында оңалту орталықтарының желісі айтарлықтай кеңейтілді. Елорда әкімдігі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды оңалту үшін жағдай жасау жұмыстарын жүйелі негізде жүргізіп жатыр. «Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтендіру және оңалту үшін жағдай жасауға ерекше назар аударамыз. Мысалы, биыл жазда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша ашылды (Кенесары көшесі, 9/1, Сарыарқа ауданы). Балабақшада педагогтермен қатар медицина қызметкерлері де балалармен айналысады. Мекемеде физиотерапия, логопед-дефектолог, офтальмолог және тағы басқа кабинеттер бар», деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.
Шаһар аумағында 29 «Үйдегі дәрігер» нысаны ашылды. Жаңа үйлердің бірінші қабаттарында «қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, балабақшалар, медициналық орталықтар ашылады. Бұған қоса, былтыр елордада БЦП, аутизм, даун синдромы және тағы басқа диагноздары бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар ірі оңалту орталықтары халыққа қызмет көрсете бастады.
№1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының базасында бір жылдан бері «Қамқорлық» оңалту орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық нейро-ортопедиялық аурулары, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемдік және отандық ең озық әдістерін жинақтауға арналған. Айта кету қажет, осы оңалту орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында қол қойылған меморандум аясында қызмет көрсете бастады. Бұл орталық қолжетімді оңалтуды дамытудың озық үлгісі саналады. Себебі осы орталықта нейро-ортопедиялық аурулары бар, соның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістемелері мен заманауи тәсілдері қолданылады. Кішкентай науқастарды емдеу кезінде мамандар көпсалалы тәсілге жүгінеді. Дәрігерлер аурудың ерекшелігін ескере отырып, әр баланы қалпына келтірудің жеке бағдарламасын әзірлейді. Тіпті бірегей медициналық жабдықтар саналатын костюмдер, жаттығу құралдары, жаяу жүру дағдылары және тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде омыртқа мен буындардың қимылын қалпына келтіретін құрылғылар қолданылады. Бұған қоса, емдік-дене шынықтыру (ЕДШ), физиотерапия, жарықпен емдеу, су массажы, логопед, психолог, дефектологпен күнделікті жеке сабақтар қарастырылған. Осы арқылы жыл сайын 600-ге жуық баланы қосымша тегін медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік пайда болды.
Міне, ерекше жандардың өмірлік мұң-мұқтажын елеп-ескерген ел астанасында осындай игі істер атқарылып жатыр.
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Экономика • Бүгін, 00:01
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Қаржы • Кеше
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Аймақтар • Кеше
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қоғам • Кеше
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұрпақ тәрбиесіндегі алтын қазық
Білім • Кеше
«Жасыл дәліздің» жақсылығы мол
Медицина • Кеше
Медицина • Кеше
Абайдың философиялық көзқарасы
Абай • Кеше
Арзан бензин көршілерге кетіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Учаскелік инспектор халықтың көңілінен шыға ма?
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар