Коронавирус • 09 Желтоқсан, 2021

Pfizer-дің бағасына байланысты жалған ақпарат тарады

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Pfizer вакцинасының құны белсенді талқылана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Pfizer-дің бағасына байланысты жалған ақпарат тарады

Қазнеттегі хабарламалардың бірінде Pfizer/BioNTech шығарған вакцинаның бағасы 50 000 теңгені құрайды деп жазылған. Хабарламаның авторы бұл ақпаратты №4 Алматы емханасынан білгенін атап өтті.

Емхананың өзінде бұндай ақпаратты ешкім таратпағанын, яғни ол жалған екені айтылды.

«Бүгінгі күні №4 қалалық емханада Pfizer компаниясының вакцинасын ақылы түрде алуға ниет білдірушілер алдын ала жазылуда. Вакцинаның құны әлі белгісіз. Емхана дәрігерлеріне вакцина құнына қатысты нұсқау берілген жоқ», деп хабарлады мекеме.

Stopfake.kz нақтылағандай, 50 000 теңге тұратын вакцина туралы хабарлама фэйк болып шықты. Бүгінгі күні вакцинаның бағасы әлі жарияланған жоқ.

Айта кетсек, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer/BioNTech препаратымен вакцинацияны тегін ала алады.